2023 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындысы бойынша «Ақ Бидай – Терминал» АҚ астық терминалы арқылы астықты ауыстырып тиеудің жалпы көлемі Иран Ислам Республикасы бағытында 98 438 тоннаны (бидай – 10 801 тонна, арпа – 87 637 тонна) құрады.
Ағымдағы жылы астықты астық терминалы арқылы ауыстырып тиеу жоспарға сәйкес және әдеттегі жұмыс режимінен ауытқусыз жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта жүк жөнелтушілерден астық қабылдау жүргізілуде. Ағымдағы жылдың шілде айына экспорттаушылардан 16 852 тонна көлемінде астықты ауыстырып тиеуге өтінімдер келіп түсті. Астық терминалы арқылы астықты ауыстырып тиеудің 2023 жылға арналған жылдық Жоспары 400 000 тоннаны құрайды.
Астық терминалының астық және майлы дақылдарды, сондай-ақ басқа да сусымалы жүктерді қабылдау және ауыстырып тиеу мүмкіндігі бар екендігіне астықтың әлеуетті экспорттаушыларының назарын аударамыз.