«Азық – түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Сағат Төлеу Ақтау қаласында «Ақ Бидай – Терминал» АҚ ұжымына жаңадан тағайындалған «Ақ Бидай-Терминал» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Ерқожаұлын таныстырды, сондай-ақ астық терминалының қызметімен танысты.
Нұрлан Ерқожаұлы Қазақстанның Әзірбайжан Республикасындағы Елшілігінде ұзақ уақыт жұмыс істегені атап өтілді. Сағат Төлеу жаңа басшының іскерлік қасиеттері мен дипломатиялық байланыстары Ақ бидай Терминал позициясын нығайтуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Кездесу барысында, Иран Ислам Республикасы мен Әзірбайжан Республикасына терминал арқылы астық экспортын арттыру мәселесі талқыланды.
Қазіргі уақытта «Ақ Бидай-Терминал» АҚ өткен жылғы қазақстандық арпаны Иран бағытында тиеуді жүзеге асыруда. Ағымдағы айларда арпаны тиеу жоспары 67 мың тонна деңгейінде келісілді.