2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша «Ақ Бидай – Терминалы» АҚ астық терминалы арқылы астықты ауыстырып тиеудің жалпы көлемі 35 553 тоннаны құрады (бидай – 5 806 тонна, арпа – 29 747 тонна.) Иран Ислам Республикасы бағытында.
Ағымдағы жылы астықты астық терминалы арқылы ауыстырып тиеу жоспарға сәйкес және әдеттегі жұмыс режимінен ауытқусыз жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта жүк жөнелтушілерден астық қабылдау жүргізілуде. Ағымдағы жылдың сәуір айында экспорттаушылардан астықты ауыстырып тиеуге 24 099 тонна көлемінде өтінімдер келіп түсті. Астық терминалы арқылы астықты ауыстырып тиеудің 2023 жылға арналған Жылдық жоспары 400 000 тоннаны құрайды.
Астық терминалының астық және майлы дақылдарды, сондай-ақ басқа да сусымалы жүктерді қабылдау және ауыстырып тиеу мүмкіндігі бар екендігіне астықтың әлеуетті экспорттаушыларының назарын аударамыз.