«Астық қоймалары» ЖШС майлы дақылдардың тұқымын қабылдау, кептіру, тазарту және жөнелту, оның ішінде экспортқа жөнелту қызметтерін көрсетеді. Бүгінгі таңда астық сақтау қуаты 491,7 мың тоннаны құрайды.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қолдау көрсету үшін Серіктестік биылғы жылға жеңілдіктердің мынадай түрлерін бекітті:
1) Өңдеуге тапсырылған астықты қайта ресімдеу кезінде «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ (форвардтық сатып алу және тауарлық несие бойынша) астық қабылданған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік 10 күн ішінде икемді тарифтер қолданады:
- сақтау бойынша – айына/тоннасына 1 теңге (ҚҚС-мен);
- автокөліктен астық қабылдау бойынша – тоннасына 1 теңге (ҚҚС-мен).
2) Күнтізбелік айда жеткізіліп, өңдеуге тапсырылған астық көлеміне (1-нен 30/31-не дейін) икемді тарифтер қолданылады:
- сақтау бойынша – айына/тоннасына 1 теңге (ҚҚС-мен).
3) Өңдеуге тапсырылған астықтың жеткізілген көлеміне күнтізбелік айда 2000 (екі мың) тоннадан астам астыққа (1-нен 30/31-не дейін) икемді тарифтер қолданылады:
- сақтау бойынша – айына/тоннасына 1 теңге (ҚҚС-мен);
- астықты автокөліктен қабылдау бойынша бекітілген тарифтен 50% жеңілдік беріледі.
4) Күнтізбелік айда (1-нен 30/31-не дейін) 7000 (жеті мың) тоннадан астам өңдеуге тапсырылған астықтың жеткізілген көлеміне икемді тарифтер қолданылады:
- сақтау бойынша – айына/тоннасына 1 теңге (ҚҚС-мен);
- автокөліктен астық қабылдау бойынша – тоннасына1 теңге (ҚҚС-мен).
Толық ақпаратты astyk-k.kz сайтынан оқып біле аласыздар