Азық-түлік келісім шарт корпорациясы шаруалардың экспорттық операцияларға қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық партияларын бір жерге шоғырландыратын пилоттық жобаның іске қосылғаны жөнінде хабарлайды. Жоба аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауарлық партиясы бір элеваторға жиналып, сол жерден өнім экспортқа жіберіледі. Пилоттық жоба аясында 2023 жылғы классқа жатпайтын бидай партиялары шоғырландырылады.
Айта кетейік, Азық-түлік корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алмайды, тек оны бір жерге жинап, экспортқа жөнелтуді ұйымдастырады. Өнім бағасы доллардың теңгеге бағамына байланысты өзгереді.
Жоба шағын және орта ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға бағытталған, алайда экспорттық партия көлемі жеткіліксіз болған жағдайда қазақстандық астық нарығының басқа қатысушыларын тартуға жол беріледі.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық партияларын шоғырландырудың пилоттық жобасы туралы қосымша ақпарат файлда көрсетілген. Бұдан бөлек мұнда жобаның шарттары, классқа жатпайтын бидайға қойылатын талаптар, сондай-ақ Азық-түлік корпорациясы орталық кеңсесінің және тиісті өңірдегі өкілдіктердің байланыс телефондары мен мекен жайлары көрсетілген.