Елімізде жыл сайын 10 тамызда Абай күні атап өтіледі. Биыл қазақ даласының ұлы ақынына 180 жыл толып отыр. Осы атаулы күнге орай Корпорация қызметкерлері арасында «Жүрегімнің төріндегі Абай» атты әдеби кеші өткізілді.
Іс-шара барысында Басқарушы директор – аппарат басшысы Тобылбек Омаров қатысушыларға құттықтау сөз жолдап, ұлы ойшыл әрі ағартушының мәдени мұрасының маңыздылығын және оның бүгінгі күнге дейін өзектілігін атап өтті. Сондай-ақ Абайдың ең танымал шығармаларының бірі – «Қара сөздер» бірнеше буын қазақ үшін философиялық бағыт-бағдар беретін шамшыраққа айналғанын және әлемдік деңгейде мойындалғанын айтты.
Корпорация қызметкерлері ұлы ақынның ой-пікірлерінің талқылап оның әйгілі қара сөздерінен үзінділерді мәнерлеп оқудан сайысқа түсті.
Іс-шара аясында Абайдың өмірі мен шығармашылығы, соның ішінде музыкалық мұрасына бойынша блиц-турнир өтті.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
1-орын — Асқар Жашибай (Стратегиялық даму, әдіснама және жиынтық талдау департаменті);
2-орын — Назерке Бірімжанова (Ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу департаменті);
3-орын — Диас Қойжанов (ӘМАТ-пен жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаменті) және Ержан Жакупов (Заң департаменті).
Атақты ойшыл және ағартушының шығармашылығын терең білетін үздік қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.


