Республикалық референдум қарсаңында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-да жаңа Конституцияның негізгі ережелерін түсіндіруге арналған жиналыс өтті. Корпорация қызметкерлері Елдің жаңа негізгі құжатын қолдайтындықтарын білдірді.
Бүкілхалықтық дауыс беруге ұсынылып отырған Конституция уақыт талабына сай және жаһандық өзгерістер жағдайында мемлекетті дамытудың жаңартылған моделін қалыптастырады.
«Құжатта, ең алдымен, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, адами капиталды дамыту, ғылымды, білім беруді, мәдениет пен инновацияны қолдау басымдықтары нақты көрсетілген», – деп атап өтті «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев.

Ең елеулі жаңалық бір палаталы парламент – Құрылтайға көшу болмақ. Мұндай басқару жүйесі көптеген елдерде қолданылады. Мысалы, Қытайда Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысы жұмыс істейді.
Реформа заңнамалық қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған. Сайланған өкілдер қоғам алдында жоғары жауапкершілікке ие болады және елдің тұрақты дамуы үшін қажетті шешімдерді жедел қабылдайды.

«Жаңа Конституция әрбір қазақстандық өз ұстанымын білдіруі үшін жалпыхалықтық дауыс беруге шығарылады. Елдің болашағы үшін біз бірге жауапкершілік алатынымызға сенімдімін. Біз өмір сүріп, жұмыс істейтін елдің әл-ауқаты мен дамуы, біздің бірлескен күш-жігеріміз бен шешімдерімізге тікелей байланысты», – деді Корпорация басшысы.
Жаңа Конституция жобасы бойынша бүкілхалықтық дауыс беру 15 наурызда өтеді. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Басқарушы директоры – Аппарат басшысы Тобылбек Омаровтың айтуынша, бұл қазақстандықтар үшін тарихи маңызы бар оқиға, ол мемлекетіміздің алдағы ондаған жылдарға арналған даму бағытын айқындайды.

