2024 жылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыруға күш салды. Олардың бірі агроөнеркәсіптік сектор тауарларының экспортын ұлғайтуды көздейді. Компанияның жаңартылған Даму жоспары шеңберінде Азық-түлік корпорациясының нарықтың қазақстандық қатысушыларына астықты экспорттық жеткізу саласында жәрдем көрсету жөніндегі функциясы бекітілді. Өз жұмысында мемлекеттік оператор, ең алдымен, елдегі фермерлердің жалпы санының 80%-ын құрайтын шағын және орта агроөнеркәсіптік кешендерді қолдауға бағытталған.
Астық экспортын ынталандыру
Отандық фермерлердің ауыл шаруашылығы өнімдерін шетелдік нарықтарға шығару үшін астықтың шағын партияларын экспортқа шоғырландыру жобасы сынақтан өтті. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы фермерлерге ірі шетелдік сатып алушылармен тікелей келісімшарттарға қол қоюды ұйымдастыра отырып, «бір терезе» форматында қызмет көрсетті. Нәтижесінде фермерлер Қытай мен Орталық Азияға 20 млн доллар сомасына дәнді және майлы дақылдарды жеткізуге 6 экспорттық келісімшарт жасады. Бағдарламаның артықшылығы – өнімді экспорттаудан түскен барлық түсім фермерлер мен шағын трейдерлерге жіберіледі. Бұл сәтті тәжірибе келесі жылы дамуын жалғастырады.
Форвардтық және үшжақты сатып алу
Биылғы жылы фермерлер қауымдастығы арасында ең танымал форвардтық сатып алу бағдарламасы толықтырылды. Қолдау шаралары арқылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 324 агроөнеркәсіпті қаржыландырды, сондай-ақ өңдеушілерді форвардтық келісімшарттар жасауға тартты. Пилоттық жобаның қатысушылары бірден үш тарап болды: ауыл шаруашылығы өндірушілері, қайта өңдеу зауыттары және тікелей мемлекеттік оператор. Үшжақты сатып алу бағдарламасы бойынша фермерлер күнбағыс себуге қаражат алды, күзде агроөнеркәсіп зауыты өңдеу зауытына тұқым салуға міндеттенді. Шығысында күнбағыс майы мемлекеттік операторға нарықтық бағадан төмен арнайы бағамен түседі. Нәтижесінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы арзандатылған майды ӘКК-не сатуға мүмкіндік алады. Күнбағыс майының алғашқы партиясы 2025 жылдың басында өңірлерге жіберіледі деп күтілуде. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшжақты форвард жобасына үлкен қызығушылық танытты. Болашақта Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ұқсас қағидат бойынша күріш пен қарақұмық сатып алуды көздеуде.
Тікелей араласу арқылы фермерлерді қолдау
Бірінші аграрлық форумда Мемлекет басшысы астықты интервенциялық сатып алу арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көмек көрсету қажеттігін атап өтті. Бұл тетік мемлекет фермерлерден артық өнімді сатып алып, оларға ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін сақтауға көмектесетін нарықтың шамадан тыс қанықтылығына ден қою шараларының бірі болып табылады.
18 қарашадан бастап Азық-түлік келісімшарт корпорациясы фермерлерден астық сатып алуға өтінімдер жинауға кірісті. Мемлекеттік оператор 10,5 млрд теңге сомасына 443 агрокәсіпорыннан өтінімдер алды. Оның 3,4 млрд теңгесі аграршыларға Азық-түлік келісімшарт корпорациясының өз қаражатынан төленді. Бүгінгі таңда фермерлік қожалықтар Азық-түлік корпорациясының элеваторларына 52 мың тонна астық немесе тікелей сатып алу бағдарламасы бойынша жоспарланған жеткізу көлемінің үштен бірін жөнелтті.
Астық нарығын тұрақтандыру
Мемлекеттік оператордың негізгі қызметі елде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, астық нарығында тұрақты бағаларды қолдауға, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімдерінің экспортын дамытуға бағытталған. 2024 жылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясы жалпы көлемі 613 мың тонна астық сатуға келісімшарттар жасасты. Оның ішінде қазақстандық және шетелдік сатып алушыларға 407,5 мың тонна жөнелтілді. Астықтың ең үлкен көлемін жергілікті мал шаруашылығы және өңдеу кәсіпорындары сатып алды.
Экспорттың мүмкіндіктерін кеңейту және астықтың кепілдендірілген өткізілуін қамтамасыз ету үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ірі мемлекеттік қытайлық корпорациялармен ынтымақтастықты тереңдету бойынша жұмысты жалғастырды. Атап айтқанда, COFCO агрохолдингімен дәнді және майлы дақылдарды жеткізуге үш жылдық келісімшарт жасасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Jiangsu Soho HoldingsGroup қытайлық компаниялар тобымен 200 мың тонна қазақстандық жемдік арпаны жеткізуге негіздемелік келісімшартқа қол қойылды. Citic Group өкілдерімен Қазақстан аумағында дәнді және майлы дақылдарды терең өңдеу зауытын салу перспективалары талқыланды. Жобаны іске асырудың бастапқы кезеңінде жыл сайын шикізат жеткізу 300 мың тоннаны құрауы мүмкін. Ақмола облысында Dalian Hesheng Holdings қытайлық көпсалалы холдингімен бірлесіп тағы бір қайта өңдеу кешенін салу жоспарлануда. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мемлекеттік оператор ретінде зауытты жүктеу үшін қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің астық өнімдерін тұрақты жөнелтуін қамтамасыз етуге дайын. Алғашқы уақытта зауыт жылына 1 млн тонна бидай өңдейді деп болжануда.
Ұзақ уақыт ішінде алғаш рет Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Қазақстанның жеке компанияларымен қатар Иранға арпа жеткізуді жолға қойды, қазірдің өзінде 30 мың тоннаға экспорттық келісімшарт жасалды. Сондай-ақ, астық операторы Орталық Азия елдеріне мемлекеттік азық-түлік резервін толықтыруға арналған егін шаруашылығы өнімдерін жөнелтуді жалғастырды.
Келесі жылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясы шағын және орта фермерлік шаруашылықтарды қолдауды және экспорт географиясын кеңейтуді көздейтін стратегиялық міндеттерді шешуге назар аударады.