19 желтоқсаннан бастап Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 2025 жылғы өнімге жататын дәнді және майлы дақылдарды тікелей сатып алуды бастайды. Интервенциялық бағдарлама отандық аграршыларды қолдаудың форвардтық қаржыландырудан кейінгі ең сұранысқа ие екінші тетігі болып табылады және ауыл шаруашылығы өнімін әділ бағада кепілді өткізуге мүмкіндік береді.
Биыл сатып алынатын дақылдардың тізбесі кеңейтілді. Бидай мен арпадан бөлек, ұлттық оператор фермерлерден күнбағыс, майлы зығыр және қарақұмық қабылдайды.
Бұл ретте бір ауыл шаруашылығы өндірушісі барлық дақыл түрлері бойынша жиынтық көлемде Азық-түлік келісімшарт корпорациясына 3 000 тоннадан артық өнім тапсыра алмайды.
ҚҚС-ты ескере отырып, тікелей сатып алу бағдарламасы бойынша алдын ала бағалар төмендегідей:
- 3-сыныпты бидай (желімтек 27%+) – 115 000 теңге;
- 3-сыныпты бидай (желімтек 25%+) – 94 000–96 000 теңге;
- 3-сыныпты бидай (желімтек 23%+) – 90 000–92 000 теңге;
- 4-сыныпты бидай (желімтек 18%+) – 78 000 теңге;
- 4-сыныпты бидай (желімтек 20%+) – 80 000 теңге;
- 5-сыныпты бидай (желімтек 18%+) – 70 000 теңге;
- 2-сыныпты арпа (натурасы 630 г/л) – 78 000 теңге;
- күнбағыс (майлылығы 40%) – 205 000 теңге;
- күнбағыс (майлылығы 45%) – 210 000 теңге;
- зығыр тұқымы – 215 000 теңге;
- қарақұмық – 90 000 теңге.
Бағдарламаға ұлттық оператордың және оның аффилиирленген тұлғаларының барлық қаржыландыру құралдары бойынша қолданыстағы немесе ұзартылған міндеттемелері жоқ фермерлер мен агроқұрылымдар ғана қатыса алады.
Ауыл шаруашылығы тауар өндіруші мәртебесін растау және өтінім бойынша астықты сатып алу көлемін айқындау үшін әлеуетті жеткізуші 2025 жылға арналған «Барлық жерлерден ауыл шаруашылығы дақылдарының жиналуы туралы» анықтаманы және уәкілетті мемлекеттік орган растаған аттас есепті ұсынуы тиіс.
Тікелей сатып алу бағдарламасына қатысуға өтінімдерді Азық-түлік келісімшарт корпорациясының өңірлік өкілдіктері қабылдайды.
Байланыс ақпараты:
Астана қаласы, Мәскеу көшесі, 29/3, тел. (8-717-2) 59-12-32 (ішкі 2484; 2025;), 59-12-39 (ішкі 2375), 59-12-61 (ішкі 2261), 55-11-60 (ішкі 2476);
Ақмола облысы: Көкшетау қ., Нұрсұлтан Назарбаев көш., 19, тел. (8-716-2) 55-11-51, 55-11-54, 42-25-22;
Шығыс Қазақстан облысы: Өскемен қ., Бейбітшілік көш., 30, 206 кеңсе, тел. (8-723-2) 25-95-67, 56-06-57;
Қостанай облысы: Қостанай қ., Тәуелсіздік көш., 147, тел. (8-714-2) 53-11-44, 53-12-44, 54-28-20;
Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қ., Партизанская көш., 160, тел. (8-715-2) 55-11-60, 42-22-66.

