«Азық-түлік келісімшарт корпорациясының» қызметкерлері республикалық «Ұлттық диктант» акциясына қатысып, өздерінің сауаттылығы мен мемлекеттік тілді білу деңгейін тексерді.
Диктант мәтіні ретінде қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, педагог және публицист Ахмет Байтұрсынұлының 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Оқу жайы» атты мақаласынан үзінді таңдалды.
Мәдени-ағартушылық жобаның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, азаматтардың жазу сауаттылығын жетілдіру, сондай-ақ ұлттық бірегейлік пен тіл мәдениетін нығайту.

«Ұлттық диктант» халықаралық қоғамдық бірлестік – «Қазақ тілі» қоғамының бастамасымен және Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен өткізіледі. Акция Қазақстан халқы тілдері күні мен Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай ұйымдастырылды.

