«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-да Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Ұлттық компанияның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкер әйелдерін алдағы мерекемен құттықтап, аграрлық саланың дамуына және елдің астық инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге қосқан үлестерін атап өтті.

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев әйелдердің кәсібилігін, жоғары жауапкершілік пен мансап және отбасына қамқорлықты табысты ұштастыру қабілетін ерекше атап өтті.
«Бүгінде әйелдер, біздің әріптестеріміз әр түрлі учаскелерде жұмыс істейді: элеваторларда, зертханаларда, әкімшілік және өндірістік бөлімшелерде. Көп жағдайда сіздердің жұмыстарыңыз күрделі жағдайларда өтіп, үлкен жауапкершілікті, біліктілікті және жанқиярлықты талап етеді. Сіздер біздің компаниямыздың тұрақты қызметін қамтамасыз етіп, аграрлық сектор мен ел экономикасының дамуына үлес қосып келесіздер. Сіздердің еңбектеріңізді асыра бағалау мүмкін емес. Әрине, әйелдің ерекше рөлі еліміздің болашағы тәуелді болатын жаңа буын қазақстандықтарды тәрбиелеуде. Компанияның дамуына қосқан еңбектеріңіз бен үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз», – деді Азық-түлік келісімшарт корпорациясының басшысы.

Іс-шара барысында бірқатар қызметкерлер мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды. «Құрмет» орденімен «Ақ Бидай – Терминал» АҚ зертханашысы Фарида Сағындықова және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Әкімшілік департаментінің бас менеджері Эльмира Байгутдинова марапатталды.
Эльмира Байгутдинова 30 жылдан астам ұлттық компанияда жұмыс істейді және корпоративтік басқару жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосты.

«Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі Қазынашылық департаментінің бас менеджері Ильмира Жұмажановаға табысталды.
Сондай-ақ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен Ауыл шаруашылығы өнімдерін есепке алу және сақтау департаментінің менеджері Назгүл Абильденова, Менеджмент және ішкі бақылау тәуекелі департаментінің директоры Лейла Жүнісова, ӘМАТ және халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас менеджері Розалия Байсұлтанова, Заң департаментінің бас менеджері Ләззат Саматова және Бухгалтерлік есеп департаментінің бас менеджері Айман Манашева марапатталды.


