«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ қызметкерлері Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай ведомстволық және салалық марапаттарға ие болды.
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев компания ұжымын кәсіби мерекемен құттықтады. Ол қызметкерлердің отандық АӨК секторын дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, одан әрі жемісті жұмыс тіледі.
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мемлекеттік астық операторы ретінде фермерлерге егін өсіруге, оның сақталуы мен өткізілуін қамтамасыз етуге және шағын ауылшаруашылық кәсіпорындарының тиімділігін қолдауға көмектеседі. Сонымен қатар, біздің қызметіміз ішкі астық нарығын тұрақтандыруға ықпал етеді. Бір сөзбен айтқанда – біз қазақстандықтар үшін стратегиялық азық-түліктің қолжетімділігіне кепілдік береміз», – деп атап өтті Асылхан Джувашев.
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Ауыл шаруашылығы өнімдерін есепке алу және сақтау департаментінің бас менеджері Әдебиет Қыдырбекова және «Астық қоймалары» ЖШС-нің «№7 нан базасы» бас инженері Жұмабек Сапаров «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
«Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгілері «Ақ Бидай-Терминал» АҚ ауысым бастығы Юрий Григорьевке, «Ақ Бидай-Терминал» АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженері Дмитрий Курнышевке, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Әкімшілік департаментінің бас менеджері Салтанат Доскеноваға, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Әкімшілік департаментінің бас менеджері Эльмира Байгутдиноваға табысталды.
Сондай-ақ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамоталарын «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Ақмола облыстық өкілдігінің менеджері Думан Ақбұзауов, «Астық қоймалары» ЖШС «№7 нан базасы» өндірістік учаскесінің астық өңдеу аппаратшысы Сәуле Жаңабаева, «Астық қоймалары» ЖШС «№1 нан базасы» көлік қызметінің тракторшысы Марат Игіліков, «Астық қоймалары» ЖШС «№5 нан базасы» көлік қызметі тепловозының машинисі Борис Тарковский және «Ақ Бидай-Терминал» АҚ диспетчері Самалық Тураков алды.
Еңбек міндеттерін адал орындағаны үшін компанияның бас кеңсесінің және «Ақ Бидай-Терминал» АҚ және «Астық қоймалары» ЖШС еншілес ұйымдарының 30 қызметкері «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ атынан Құрмет грамоталарымен марапатталды.