Азық-түлік келісімшарт корпорациясының «Астық қоймалары» ЖШС еншілес кәсіпорнының астық базалары 2024 жылы астық қабылдау көлемін екі есеге арттырды. 2024 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін ауыл шаруашылығы өндірушілері төрт астық қабылдау пунктінің элеваторларына 411,7 мың тонна астық тапсырды, бұл өткен жылдан 185,7 мың тоннаға артық. 2024 жылғы егінді жеткізуде 3-сыныпты бидай басым болды.
Жыл ішінде кәсіпорынның астық қоймаларынан 346,4 мың тонна астық пен майлы дақылдар жөнелтіліп, тасымалданды. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда «Астық қоймалары» астық базаларында жөнелту көлемі 17,9%-ға (немесе 62 мың тонна) өсті.
Кәсіпорынның астық қабылдау пункттері Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында орналасқан. 2025 жылғы 20 қаңтардағы жағдай бойынша төрт нан базасында 288,6 мың тонна астық сақталуда.
«Астық қоймалары» ЖШС мамандары АҚП-де орналасқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапа параметрлерінің сақталуына тұрақты бақылау жүргізеді. Астықты сақтау шараларын күшейту үшін астық базалары IP-бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған, кәсіпорында өндірістік процестерді бейнетіркеу жүргізіледі.