«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ егін шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін аграршыларды қаржыландыруға өтінімдер қабылдауды бастайды. Осы мақсаттарға шамамен 30 млрд теңге бөлу жоспарлануда.
2025 жылы форвардтық қаржыландыру шеңберінде майлы дақылдар өндірісіне кредит беру лимитін ұлғайту көзделген. Алғаш рет ауыл шаруашылығы өндірушілерінен құжаттарды электрондық беру және қабылдау тетігі сынақтан өткізіледі.
«Пилоттық іске қосу сатысында Азық-түлік келісімшарт корпорациясының өңірлердегі өкілдіктері фермерлерге цифрлық өтінімдерді ресімдеуге көмектеседі. Келешекте аграршыларға Қазақстанның кез келген жерінен өтінім беруге, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, қажетті құжаттарды жүктеуге мүмкіндік беретін толыққанды цифрлық экожүйе құру жоспарлануда. Цифрландыру нәтижесінде өтінімдерді қарау процесінің мерзімі қысқарады, оның ашықтығы артады және қаржыландырудың қолжетімділігі қамтамасыз етіледі, бұл, әсіресе, шалғай аудандардағы шағын шаруашылықтар үшін маңызды», – деп хабарлады «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев.
Бағдарламаға қатысу үшін фермерлер мен агрокәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімдерін өсіруде жұмыс тәжірибесі (кемінде 2 жыл) болуы тиіс. Өтінім беру кезінде шаруашылықта Азық-түлік келісімшарт корпорациясының барлық бағдарламалары бойынша қолданыстағы мерзімі өткен немесе мерзімі ұзартылған міндеттемелер болмауы керек.
Тұқымның болуын растау немесе оларды сатып алуды растайтын құжаттарды мынадай көлемде ұсыну қажет: бидай, арпа – кемінде 110 кг/га, күнбағыс – кемінде 17 кг/га, майлы зығыр тұқымы – кемінде 50 кг/га және рапс – кемінде 12 кг/га.
ҚҚС есебімен 2025 жылға арналған АӨК субъектілеріне алдын ала төлем мөлшері:
- жұмсақ және қатты бидай – 50 000 теңге/тонна
- арпа – 40 000 теңге/тонна
- күнбағыс – 80 000 теңге/тонна
- майлы зығыр және рапс тұқымдары – 90 000 теңге/тонна.
Форвардтық келісімшарттардың талаптары бойынша қаражат ауыл шаруашылығы кәсіпорнына әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-нан немесе екінші деңгейдегі банктен кепілдік немесе жылжымалы (жылжымайтын) мүлік кепілі ұсынылғаннан кейін беріледі.
Егінді жинап, ауыл шаруашылығы өнімдерін Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қорына жеткізгеннен кейін шаруа қожалықтары нарықта қалыптасқан бағаларға байланысты астық үшін қосымша төлемге үміттене алады.
Дәстүрлі түрде егін шаруашылығы өнімдерінің сатып алу бағасын ұлттық астық операторы күзде белгілейді. Бұл ретте форвард шарттар бойынша сатып алынатын дәнді және майлы дақылдардың құны фермерлердің қарыз ақшаны өтеусіз пайдалануын ескере отырып қалыптастырылады.
Форвардтық сатып алу шарттары бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдері:
- бидай, арпа, қарақұмық, майлы зығыр тұқымын, рапсты жеткізу кезінде – 2025 жылғы 01 қарашаға дейін, қоса алғанда;
- күнбағыс, майлы зығыр және рапс тұқымдарын жеткізу кезінде – 2025 жылғы 15 қарашаға дейін, қоса алғанда.
Қаржыландыруды әділ бөлу мақсатында 2025 жылғы форвардтық сатып алу шарттары бойынша әлеуетті өнім берушілердің барлық өтінімдері облыстар әкімдіктері жанындағы үйлестіру кеңестеріне бекітуге жіберіледі.
Форвардтық сатып алу бағдарламасына қатысу туралы қосымша ақпаратты келесі мекенжайлар мен телефондар арқылы алуға болады:
- Көкшетау қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 19, тел. (8-716-2) 55-11-51, 55-11-54, 42-25-22 (Ақмола, Қарағанды облыстарынан әлеуетті өтінім берушілер үшін).
- Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 30, 206-кеңсе, тел. (8-723-2) 25-95-67, 56-06-57 (Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарынан әлеуетті өтінім берушілер үшін).
- Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 147, тел. (8-714-2) 53-11-44, 53-12-44, 54-28-20 (Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарынан әлеуетті өтінім берушілер үшін);
- Петропавл қаласы, Партизанская көшесі, 160, тел. (8-715-2) 55-11-60, 42-22-66 (Солтүстік Қазақстан облысынан әлеуетті өтінім берушілер үшін).