ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның 2023 жылғы 9 қазандағы шешіміне сәйкес “Азық-түлік келісім шарт корпорациясы “ҰК” АҚ форвардтық сатып алу бағдарламасы шеңберінде 2023 жылғы астық өнімін қабылдауға кірісті.
Бидай мен арпаға келесі бағалар белгіленді:
- 3-класс қатты бидай – 130 000 теңге ҚҚС-пен;
- 3-класс “hi-pro” бидайы (қамырлылығы 27% бастап) – 130 000 теңге ҚҚС-пен;
- 3-класс бидай (қамырлылығы 23% бастап) – 120 000 теңге ҚҚС-пен;
- 4-класс бидай – 105 000 теңге ҚҚС-пен;
- 2-класс арпа – 65 000 теңге ҚҚС-пен.
Ерте көктемде қарыз алған диқандар Азық-түлік корпорациясы айқындаған лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізіп беруі тиіс.
2023 жылғы табиғи-климаттық жағдайлар ескерілді. Енді мол өнімге қол жеткізе алмаған шаруалар көктемде алған ақшасын айыппұлсыз қайтара алады.
Форвардтық шартты орындау бойынша қосымша ақпаратты Азық-түлік келісім шарт корпорациясының облыстық өкілдіктерінен алуға болады.
Күнбағыс, зығыр тұқымы, қарақұмық және рапсты сатып алу бағасына қатысты ақпарат кейінірек жарияланады.