Қытайда өтіп жатқан 6-шы Халықаралық импорт көрмесі аясында Азық-түлік келісім шарт корпорациясы мен C.P.Trading компаниясы арасында әріптестік меморандумына қол қойылды. Қытайлықтар осылайша Қазақстаннан 200 мың тонна астық сатып алуға уағдаласты.
Атап өту керек, Азық-түлік келісім шарт корпорациясының өкілі Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан 6-шы Халықаралық көрмеге қатысып жатыр.