Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге дайындық басталып кетті. Осыны ескерген Азық-түлік корпорациясы төменде көрсетілген шарттар бойынша азық-түлік бидайын тұқым ретінде диқандарға сатуға дайын:
- Тұқым қорын тек астық өндірушілер сатып ала алады(себу нормасы есепке алынып, бір астық өндірушіге – 1 гектар егістікке 130 килограмм босатылады);
- Сатылымға шығарылған көлем – 400 000 тоннаға дейін;
- Жеткізу ережесі – EXW (франко-элеватор);
- Төлем шарты – 100% алдын ала төлем.
Фермерлерді мемлекеттік қолдау аясында Азық-түлік корпорациясынан 2024 жылғы форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша алынған аванстық төлемнен тұқымды сатып алу жағы да қарастырылған.
Босатылатын бидайдың көлемін анықтау үшін сатып алушы егістік алқаптардың көлемін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс.
Қосымша ақпарат алу үшін төмендегі мекенжайлар мен телефондарға хабарласу ұсынылады:
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ: Астана қ., Мәскеу көшесі, 29/3 ғимарат
эл. пошта: mail@fcc.kz
тел. (8-717-2) 59-12-32
бас менеджер: Какимов Е.К. 8 701-105-31- 05
Ақмола, Қарағанды облыстарының диқандары үшін: Көкшетау қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 19,
тел. 8 (716-2) 55-11-51, 55-11-54, 42-25-22;
Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының диқандары үшін: Өскемен қ., Бейбітшілік көшесі, 30, 206 кеңсе,
тел. 8 (723-2) 25-95-67, 56-06-57;
Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының диқандары үшін: Қостанай қ., Тәуелсіздік көшесі, 147,
тел. 8 (714-2) 53-11-44, 53-12-44, 54-28-20;
Солтүстік Қазақстан облысының диқандары үшін: Петропавл қ., Партизанская көшесі, 160,
тел. 8 (715-2) 55-11-60, 42-22-66.