ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен ведомстваның кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Шараға Азық-түлік келісім шарт корпорациясының Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев қатысып, Корпорацияның 2023 жылғы қорытындылары мен 2024 жылға арналған жоспарлары турасында баяндады.
Корпорацияның 2023 жылғы қызметінің қорытындысы жөнінде толыққанды материал жарияланған.
Асылхан Джувашев жаңашылдыққа тоқталды, мысалы биыл фермерлер шикізат пен түпкілікті өнімге белгіленген бағамен үш жақты форвардтық сатып алу арқылы жеңілдікті шарттармен қаржыландырылады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің, сақтаудың және өткізудің толыққанды желісін құруда жеке нарыққа жәрдемдесу жөніндегі міндет Азық-түлік корпорациясы, АШТӨ және қайта өңдеу кәсіпорны арасында шикізатты үш жақты форвардтық сатып алудың жаңа пилоттық тетігі арқылы іске асырылатын болады. Бұл тетік АШТӨ-не көктемгі егіс жұмыстарын өткізу үшін жеңілдікті шарттармен қаржыландыруды, шикізатты өңдеушілерге одан әрі жеткізуді және дайын өнімді нарыққа сатуды қамтиды.
Бұл ретте фермер жеңілдікті қаржыландыруды және өнімді өткізудің кепілдігін, қайта өңдеуші – белгіленген бағалар бойынша шикізатпен қамтамасыз етілуін, халық-белгіленген жеңілдікті бағалар бойынша дайын өнімді алады.
«Ағымдағы жылы бұл бағдарлама келесі дақылдар: күнбағыс, күріш, қарақұмық бойынша пилоттық режимде іске қосылады. Көлемі әлі де аз, бірақ табысты болған жағдайда бағдарлама ауқымды болады», – деп түсіндірді Асылхан Джувашев.
Форвардтық сатып алу бағдарламасын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылға РБ-дан 40 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 5 млрд теңге үшжақты форвардтық сатып алуды іске асыруға көзделген. Бүгінгі таңда АШТӨ-ден 4,1 млрд теңге сомасына 59,2 мың тонна астыққа 33 өтінім келіп түсті.
Биыл да Азық-түлік келісім шарт корпорациясы фермерлердің қаржыға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін өз қызметін одан әрі дамыта бермек.