Жыл басынан бері Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 33 миллиард теңгеге 300 мың тоннадан астам астық сатты. Әдеттегідей астық сатып алушылар құс және мал шаруашылығы, сондай-ақ өңдеу кәсіпорындары.
Сатылған астықтың жалпы көлемінің 80 мың тоннасы экспортқа жөнелтілді. Жыл басынан бері Азық-түлік корпорациясы Қытайға бидай, арпа және зығыр тұқымын жеткізуге 11 экспорттық келісімшарт жасасқан. Бүгінгі күні шекаралық транзит пункттерінің өткізу қабілетін арттыру және жүкті жедел жөнелту бойынша мемлекеттік органдармен және ұлттық тасымалдаушымен тығыз жұмыс жүргізілуде.
Азық-түлік корпорациясының қорларындағы астық көлемі ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Азық-түлік корпорациясының ресурстарында шамамен 1,2 млн тонна астық бар.
Азық-түлік корпорациясы түскен пайданы қарыздар бойынша пайыздарды өтеу үшін және жаңа егіннің астығын жыл сайын сатып алып, қордағы астықты жаңартып отыру үшін пайдаланды. Бұл астықтың тұрақты резервтік қорын және жем қорын қажетті көлемде жаңарту үшін қажет.
Азық-түлік корпорациясы тауар биржасындағы биржалық сауда-саттық арқылы астықты сатуды жалғастыруда.
Астық сатып алу туралы ақпарат алу үшін сілтеме арқылы өтіп, сайтта көрсетілген байланыс телефондарына хабарласа аласыз.