Азық-түлік корпорациясы Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдері бойынша тұқым ретінде пайдалану үшін азық-түлік астығын сатуды сәтті жүзеге асырды.
Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының аграршыларынан жалпы құны 6,4 миллиард теңге болатын 44,8 мың тонна бидай сатып алуға 31 өтінім түсті. Бұл шамамен 400 мың гектар алқапты егуге жеткілікті көлем.
Астықты тұқым ретінде сатуға өтінімдерді қабылдау аяқталды.