Қоғамдық кеңестің қолданыстағы құрамының өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты 2024 жылғы 7 қазанда Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы құрылды.
Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Төрағасы – Каппель Егор Яковлевич тағайындалды.
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңесінің жаңартылған құрамына:
- Теңбаев Самат Тілеубекұлы – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
- Ахан Нұрсұлтан Әлімжанұлы – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Стратегиялық даму және жиынтық талдау департаменті директоры;
- Отаров Қадірхан Махмұтұлы – Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық саласына еңбек сіңірген қайраткері;
- Күшекбаев Өмірбек Құрманғалиұлы – «Қазақстанның фермерлер қауымдастығы» АН ДКжәнеЗТБ Басқарма төрағасының орынбасары;
- Шәріпов Руслан Исмаилұлы – «Қазақстан құс өсірушілер одағы» ЗЖТБ Президенті;
- Каппель Егор Яковлевич – «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Төрағасы;
- Сауэр Иван Адамович – Қазақстанның Еңбек Ері, экономика ғылымдарының кандидаты;
- Даниленко Олег Владимирович – Ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты;
- Звольский Сергей Адамович – Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық саласына еңбек сіңірген қайраткер;
- Бисетаев Қайрат Серикбайұлы – «Қазақстан картоп және көкөніс өсірушілер одағы» ҚБ Басқарма төрағасы;
- Ибрагимов Ядыкар Мусаджанович – Қазақстанның майлы дақылдарды қайта өңдеушілер ұлттық қауымдастығының Төрағасы.