Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қарақұмық жармасын келесі негізгі шарттарда сатады:
1) қарақұмық жармасын жеткізудің жалпы көлемі – 1700 тоннаға дейін;
2) төлем шарттары – 100% алдын ала төлем/тағайындалған пунктке жеткізу фактісі бойынша (мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, салалық одақтар, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар өтініш жасаған/тапсырма берген кезде);
3) Павлодар станциясына EXW «Франко элеватор» шартымен өткізу бағасы (станция коды 696102) – 430 000 теңге/тонна;
4) СРТ «Дейін тасымалдау төленді»/FCA «Франко тасымалдаушы» шарттарында өткізу кезінде жеткізу шарттарына сәйкес өткізу құнына шығыстар қосылсын;
5) қаптама – қапта 50 кг-нан.
Қарақұмық жармасының сапа көрсеткіштері:
– Ылғалдылық, 13%-дан артық емес
– Сапалы өзек, кемінде 99,2%
– Қабыршақтанбаған дәндер, көп дегенде 0,4%
– Арамшөп қоспасы, көп дегенде 0,4%
– Бүлінген өзектер, көп дегенде 0,2%
– Пісірілу қасиеті, 25 мин
– Зиянкестермен залалдануына жол берілмейді
– 1 кг ішіндегі металл магниттік қоспа. Жарма, мг, көп дегенде 3.
Қалған сапа көрсеткіштері 1 cорттың жылдам дамитын өзегі үшін «Қарақұмық жармасы» МЕМСТ 5550-74-мен белгіленген нормалар шегінде.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру мақсатында бірінші кезекте мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың өтінімдері қаралатын болады.
Жеткізу шарттарын жасасу туралы қосымша ақпаратты келесі байланыс деректері арқылы алуға болады:
- Балталы Дәулетәлі Жұмаәліұлы – ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу және сату департаментінің менеджері, Тел. + 7 (7172) 59 12 32 (ішкі 2248), ұялы тел.+ 7 707 888 06 70, эл. пошта d.baltaly@fcc.kz;
- Қалиев Әнуар Асқарұлы – ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу және сату департаментінің бас менеджері, тел. + 7 (7172) 59 12 32 (ішкі 2312), ұялы тел.+ 7 777 321 12 21, эл. пошта a.kaliyev@fcc.kz.