Азық-түлік келісімшарт корпорациясы құмшекерді келесі негізгі шарттармен сатады:
1) қантты жеткізудің жалпы көлемі – 7 005,8 тоннаға дейін;
2) төлем шарттары – 100% алдын ала төлем/тағайындалған пунктке жеткізу фактісі бойынша (мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, салалық одақтар, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар өтініш жасаған/тапсырма берген кезде);
3) Жаңа-Есіл ст. «Франко тасымалдаушы» FCA шарттарымен сату бағасы (станция коды 685707) – 311 000 теңге/тонна;
4) СРТ «Дейін тасымалдау төленді»/FCA «Франко тасымалдаушы» шарттарында өткізу кезінде жеткізу шарттарына сәйкес өткізу құнына шығыстар қосылсын;
5) қаптама – қапта 50 кг-нан.
Құмшекердің сапа көрсеткіші:
– Сахароза мөлшері – 99,75%
– Ылғалдылық – 0,11%
– Түстілік/icumsa-0,7 / 91 бірлік дана.
– Редукциялайтын заттардың мөлшері – 0,030%
– Күл – 0,027%
Қалған сапа көрсеткіштері МЕМСТ 33222-2015-мен белгіленген нормалар шегінде.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру мақсатында бірінші кезекте мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың өтінімдері қаралатын болады.
Жеткізу шарттарын жасасу туралы қосымша ақпаратты келесі байланыс деректері арқылы алуға болады:
- Балталы Дәулетәлі Жұмаәліұлы – ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу және сату департаментінің менеджері, Тел. + 7 (7172) 59 12 32 (ішкі 2248), ұялы тел.+ 7 707 888 06 70, эл. пошта d.baltaly@fcc.kz;
- Қалиев Әнуар Асқарұлы – ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу және сату департаментінің бас менеджері, тел. + 7 (7172) 59 12 32 (ішкі 2312), ұялы тел.+ 7 777 321 12 21, эл. пошта a.kaliyev@fcc.kz.