Рамиль Бикбаев 1999 жылдан бері ауыл шаруашылығымен айналысады. Оның айтуынша, өткен аграрлық жыл қиын болды: күзде жауған жаңбыр бидайдың сапасына қатты әсер етіп, астық бағасының төмендеуіне әкелді. Қаржысыз қалған фермер, көп ойланбастан көптен бергі серіктесі – Азық-түлік келісімшарт корпорациясына көмекке жүгінген.
Форвардтық бағдарламаға өтініш беріп, одан түскен қаржыға «Элита» тұқымын уақтылы сатып алған. «Бұл егінді аурудан қорғау ғана емес, оның көлемін арттыруда да шешуші рөл атқарды», — деп атап өтті «Анжела Б» шаруашылығының басшысы Рамиль Бикбаев.
«Форвардтық сатып алу біз үшін үздік қаржыландыру бағдарламаларының бірі. Біз ақшаны пайызсыз, уақытында аламыз, сонымен қатар егінді қайда және кімге сатамыз деп басымыз ауырмайды. Биыл біз сапалы өнім алдық. Бидайдың негізгі көлемі 3-классқа сәйкес келеді. Азық-түлік корпорациясы осы бидайдың әділ нарықтық бағасын жариялады және біз бидайдың 3 – классты мемлекет ресурстарына тапсырдық», – дейді Рамиль Бикбаев.
Өңірдің тағы бір шаруашылығы «Модахметов» ШҚ-да келесі маусымға белсенді дайындық жүргізілуде: егін жинау аяқталғаннан кейін мұнда жер жырту жұмыстары басталды. Азық-түлік корпорациясымен ағымдағы жылы басталған серіктестік оған егінді уақтылы егуді және уақытында егін жинауды бастауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, «Молдахметов» шаруашылығы Азық-түлік корпорациясының бидайдың экспорттық партияларын шоғырландыру бағдарламасының алғашқы қатысушыларының бірі болып табылады.
«Нарық Азық-түлік келісімшарт корпорациясы орнатқан бағаны негізге алады. Фермерлер қазір өнімді сыртқы нарықта да, экспорттық бағыттарда да белсенді түрде сатуы керек. Ол жағынан да көмек бар. Азық – түлік корпорациясы астықты шағын партиялармен экспортқа қабылдайды, бұл бізге ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да сатуға жол ашады», – дейді шаруашылық басшысы Мейрамбек Молдахметов.
«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында жыл соңына дейін форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша келесі жэылға өтінім қабылдана бастайды. Бұл тұқым мен техника бөлшектерінің бағасы төмен болған кезде егістік науқанына тыңғылықты дайындалуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, біз фермерлерді бір жыл мерзімге пайызсыз қаржыландырамыз. Корпорация қарыз алушыларды сол шарттармен қаржыландыруды жалғастырады», – деп түсіндірді «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Сағат Төлеу.
.