Азық-түлік келісімшарт корпорациясының төрағасы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 7-ші отырысының жұмысына қатысты. Отырысқа екі елдің мемлекеттік органдарының, ірі компаниялары мен қаржы институттарының басшылары да қатысты.
Күн тәртібінде азық-түлік қауіпсіздігі, көлік-логистикалық ынтымақтастық, энергетикалық ауысу мәселелері қаралды. Іс-шараға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Асылхан Джувашев «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік қоғамының қызметі туралы баяндады.
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы құрылған сәттен бастап 30 жыл ішінде ішкі астық нарығын тұрақтандыруда және елдің экспорттық әлеуетін дамытуда шешуші рөл атқарады.
Стратегиялық міндеттерді табысты орындауға еліміздің негізгі астық егетін аймақтарында және Қытайдың перспективалы нарығында өкілдіктердің болуы ықпал етеді», – деді А. Джувашев.
Азық-түлік корпорациясының төрағасы Ауғанстан, Әзірбайжан, Иран, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан сияқты дәстүрлі нарықтардан басқа, 2012 жылдан бастап Корпорация тарапынан Қытай нарығы табысты игеріліп келе жатқанын атап өтті. Азық-түлік корпорациясының алдағы жоспары-осы бағытта экспорттық сауда-саттық көлемін ұлғайту.
Биыл «COFCO», «ALASHANKOU Jin Mu Biotechnology CO., LTD» және басқа да компаниялармен астық жөнелту бойынша бірқатар келісімшарт жасалды. Алдағы уақытта Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне астық жеткізуді жүзеге асыру үшін Қытайдың транзиттік әлеуетін белсенді пайдалану жоспарлануда.
Асылхан Джувашев сөз соңында Азық-түлік корпорациясының қытайлық серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастыққа дайындығын тағы да атап өтті.