Корпорацияның Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін 6 адам (оның 1/3 – Холдинг өкілдері) санында өтеусіз негізде іріктеу жөніндегі конкурстың ұзартылуы туралы хабарлайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері осы хабарландыру орналастырылған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде қолма-қол немесе электрондық мекенжайға келесі құжаттарды жолдайды:
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңесін қалыптастыру үшін жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
- осы үлгілі ережедегі 1 қосымшаға сәйкес кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтініші.
- Кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;
- кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
ҮЕҰ, БАҚ, мемлекеттік органдар және халықаралық ұйымдар өкілдерінің арасынан әлеуетті байқаушылар үшін осы нысан бойынша жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтініш қажет 2-қосымша.
Конкурстарға қатысуға ниет білдірген кандидатуралардың құжаттары a.zhashibay@fcc.kz email арқылы қабылданады. Хат тақырыбында «Қоғамдық кеңесті қалыптасыру үшін жұмыс тобының мүшесі» немесе «Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу конкурсына байқаушы» деп көрсетуді сұраймыз.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардың құжаттары электронды түрде e-mail-де қабылданады: a.zhashibay@fcc.kz, сондай-ақ қолма-қол мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Мәскеу көшесі, 29/3.
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефонға хабарласыңыз: +7 7172 59-13-23 (2323); +7 (747) 253-81-13