Азық-түлік корпорациясы бүгінгі таңда Қытай нарығына 28 мың тоннаға жуық бидай экспорттады. Алғашқы вагондарды ҚХР-ға жөнелту сәуір айында басталды. Қытайға 3-ші сыныпты азық-түлік бидайы жеткізіледі, теміржол құрамдарын тиеу уәкілетті элеваторларда жүргізіледі.
Аталған жоспарларды іске асыру үшін Азық-түлік корпорациясы Қытайдың COFCO мемлекеттік корпорациясымен 75 мың тонна бидай жөнелтуге, сондай-ақ Alashankou Jinshahe жеке компаниясымен 50 мың тоннаға келісімшарттар жасады.
Gansu Longxing hulin Trading Co Ltd компаниясымен ҚХР-ға 50 мың тонна арпа және 10 мың тоннаға дейін зығыр жеткізу туралы келісімшарт жасау сатысында тұр.
Осылайша, аталған келісімшарттарды іске асыру кезінде жалпы көлемі Қытай бағытында 200 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өніміне жетуі мүмкін, бұл соңғы бірнеше жылдағы ең жоғары көрсеткіштердің біріне айналады.
Азық-түлік корпорациясының ҚХР-ға жеткізу көлемі одан да көп болуы мүмкін, бірақ Қытайдағы бағаның төмендеуіне және үлкен бәсекелестікке байланысты отандық сатып алушыларды қолдау пайдасына басымдық беріледі. Сонымен қатар, жеке компаниялар да қытай нарығына астық экспортын белсенді жүзеге асыруда және ағымдағы динамика орындалған жағдайда отандық экспорттаушылар Қытайға жылына 1 млн тоннаға дейін астық жеткізе алады.
Айта кетейік, 2023 жылы Қытайға экспорт ҚХР аумағындағы ковидтік шектеулерге байланысты екі жылдық үзілістен кейін қайта басталды. Мысалы, 2019 және 2020 жылдары Қытай нарығына бидай жеткізу көлемі тиісінше 89,8 мың тонна және 71,2 мың тоннаны құрады.
Бұдан басқа, Тәжікстан Республикасы Премьер-министрінің сапары шеңберінде РТ Мемлекеттік мүлік агенттігі мен Азық-түлік корпорациясы арасында 2023 жыл ішінде 50 мың тонна бидай жеткізу туралы Меморандумға қол қойылды.
Қазақстандық астықты Әзірбайжан мен Иранға жөнелтуді жүзеге асыру бойынша белгілі бір әзірлемелер бар.
Жалпы, корпорацияның отандық астық экспортын ұлғайту жөніндегі жұмысы жалғасып жатыр.