«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ 2021 жылғы астықты форвардтық сатып алу бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде 930 мың тонна көлемінде астық ресурстарын қалыптастырды, оның ішінде азық-түліктік бидай 880 мың тонна.
Әлеуметтік нан бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» биылғы жылдың қаңтар айынан бастап ұн тарту зауыттарына 275 мың тонна бидайды арзандатылған бағамен сатуды бастайды.
Сондай-ақ, еліміздің құс және мал шаруашылығы кәсіпорындарын жеммен қамтамасыз ету бойынша 235 мың тонна астық пен кебек жіберіледі.
(URL: https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/309440?lang=kk)