«Азық – түлік корпорациясы» ҰК» АҚ ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу шеңберінде көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін АӨК субъектілерін қаржыландыруға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы дәнді және майлы дақылдарды форвардтық сатып алуды қаржыландыру көлемі ауыл шаруашылығы өнімін жеткізгеннен кейін төленетін қосымша ақы сомасын ескере отырып, шамамен 40 млрд теңгені құрайтынын атап өтеміз.
Қаржыны әділ бөлу мақсатында өнім берушілердің барлық өтінімдері облыс әкімдіктері жанындағы үйлестіру кеңестеріне мақұлдауға жіберілетін болады.
2024 жылға арналған алдын-ала төлем сомасы (ҚҚС-мен):
- жұмсақ бидай – 70 000 теңге/тонна;
- қатты бидай – 70 000 теңге/тонна;
- арпа – 40 000 теңге/тонна;
- күнбағыс – 60 000 теңге/тонна;
- майлы зығыр тұқымы – 90 000 теңге/тонна;
- рапс тұқымы – 90 000 теңге/тонна.
Міндеттемелерді орындау мерзімі, қаражатты мақсатты пайдалану және форвардтық сатып алуды қаржыландыру туралы толығырақ ақпарат тіркелген файлда берілген.