«Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша биылғы астық дақылдарын қабылдауды жалғастыруда
Бидай мен арпаның бағалары белгіленді:
• 4-класс бидай (клейковина 21%+) – ҚҚС-мен 75 000 теңге;
• 4-класс бидай (клейковина 18%+) – ҚҚС-мен 65 000 теңге;
• 5-класс (клейковина 18%+) – ҚҚС-мен 60 000 теңге;
• 2-класс арпа (табиғилығы 630 г/л кем емес) – ҚҚС-мен 50 000 теңге.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдау Азық-түлік корпорациясы айқындаған лицензиясы бар астық қабылдау кәсіпорындарына алдын ала төлеммен жүзеге асырылады.
Жасалған форвардтық сатып алу келісімшарттары бойынша 3-класты бидайды қабылдаудың басымдығына назар аударылады. 3-класты бидай болмаса растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда, төмен класты бидаймен ауыстыруға мүмкіндік беріледі.
3-класты бидай Мемлекеттік азық-түлік резервін жыл сайын толықтырып отыруға қажет. Азық-түлік корпорациясы сатып алған 3-класты бидай көлемі ұн тарту кәсіпорындарын қамтамасыз етіп, нан бағасын тұрақтандыруға пайдаланылады.
Айта кету керек, 3-класты бидаймен қамтамасыз ету міндеттемелерін уақтылы орындаған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер биыл желтоқсан айынан басталатын «ерте форвард» аясында көктемгі егін егі жұмыстарын қаржыландыруға үміткер бола алады.
Форвардтық сатып алу шарттарының орындалуы бойынша қосымша ақпаратты Азық-түлік корпорациясының облыстық өкілдіктерінен алуға болады.