Форвардтық сатып алу шарттары бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін қайтаруды қамтамасыз ету үшін ағымдағы апта ішінде «Азық-түлік корпорациясы» ҰК” АҚ нарық конъюнктурасына сәйкес әділ нарықтық баға белгілейді.
Ағымдағы жылы 1,1 млн. тонна ауыл шаруашылығы өнімін, оның ішінде бидай – 970 мың тонна, арпа – 110 мың тонна және өзге де дақылдарды (қатты бидай, сұлы, қарақұмық, майлы зығыр тұқымы, рапс) жеткізуге шарттар жасалды.