Бүгін Қостанай облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігін әртараптандыру, сондай-ақ 2024 жылғы егінді сақтау және өткізу мәселелері бойынша Парламент Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің көшпелі отырысы басталды. Азық-түлік корпорациясының атынан шараға Басқарма төрағасы Асылхан Джувашев қатысты.
Мемлекеттік органдар, оның ішінде азық-түлік корпорациясының басшылығы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігін әртараптандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді. Мәселен, дәнді және суды көп қажет ететін дақылдардың егістігін қысқарту есебінен бірінші кезекте майлы және жемшөп дақылдарының рентабельділігі жоғары басым дақылдардың ауданын ұлғайту жоспарлануда.
Азық-түлік корпорациясының төрағасы Асылхан Джувашев АӨК дамыту үшін фермерлерге инвестициялардың қайтарымы қажет екенін атап өтті.
«Қайта өңдеуді дамытудың жалғыз жолы – егінді әртараптандыру және мал шаруашылығын дамыту. Бұл тауардың өзіндік құнын төмендетуге және халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді», – деп толықтырды Асылхан Джувшев.
Кеңес барысында биылғы егінді сақтауға байланысты өзекті мәселелер талқыланды.
Асылхан Джувашев: «Астықты босату (сату) Қазақстанның астық аз өңірлеріне және экспортқа ең көп жүктелген элеваторлардан жүзеге асырылады. Элеватор өкілдері жүгінген жағдайда, азық-түлік корпорациясы оны босату жөнінде жедел шаралар қабылдайды. Айта кету керек, Азық-түлік корпорациясы бірлесіп жұмыс істейтін элеваторларда астық тиеу 20% – дан аз» – деді.
Кеңес барысында көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу, айналым қаражатын толықтыру және ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңғырту үшін жеңілдетілген кредит беру тақырыптары қосымша көтерілді.
Көшпелі отырыстың қорытындысы бойынша Үкіметке тиісті ұсынымдар жіберілетін болады.