«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ 2026 жылдың 3–4 ақпаныңда Алматы қаласында өтетін KAZAKH GRAIN & LOGISTIC FORUM халықаралық конференциясын қолдайды. Іс-шараны APK Inform Asia және RDL Group ұйымдастырады.
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ – Қазақстанның астық нарығындағы ұлттық оператор. Компания елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, ішкі астық нарығын тұрақтандырады, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қаржылай қолдау көрсетеді және аграрлық өнімнің экспортын жүзеге асырады.
2024/25 маркетингтік жылдың қорытындысы бойынша Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 1,3 млн тонна астықты сатумен ұлттық деңгейдегі ең ірі жеткізуші атанды. Бұл өткен маусыммен салыстырғанда төрт есе көп және соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
Ұлттық оператор қазақстандық бидайды алыс экспорттық нарықтарға шығаруда күрделі мультимодальды бағыттарды игеріп келеді. Алдағы маусымда Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Парсы шығанағы елдерінің нарықтарына шығуды және қол жеткізілген экспорт көлемін сақтауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс Азия бағыты бойынша көлік дәліздерін дамыту, сондай-ақ Үнді мұхитына шығатын ирандық порттар арқылы өтетін маршруттарды кеңейту жұмыстары жүргізілуде.
KAZAKH GRAIN & LOGISTIC FORUM 2026 — Қазақстандағы астық нарығы мен көлік логистикасы саласындағы негізгі іс-шара. Форум дәстүрлі түрде аграрлық сектор мен логистиканы біріктіріп, өндірушілер мен тасымалдаушылар арасындағы диалог алаңын қалыптастырады. Бұл алаңда жаңа маршруттар, жобалар мен тиімді шешімдер талқыланады.
Толық бағдарлама
KAZAKH GRAIN & LOGISTIC FORUM-ға Қазақстан, Өзбекстан, Қытай, Әзербайжан, Грузия, Литва, Латвия, Түркия, Болгария және басқа да елдердің жетекші нарық операторлары тіркелді.
Тіркелуге шақырамыз!
Қатысу шарттары

