«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК” АҚ ҚР АШМ ресми делегациясының құрамында Гуанчжоу қаласындағы ірі халықаралық ауыл шаруашылығы тауарлары көрмесіне қатысады.
Экспозицияның ресми ашылу салтанатында Қазақстан атынан Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Ермек Кенжеханұлы және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Рустам Жанатаев қатысты.
Қытай көрме-жәрмеңкесі АӨК секторының әртүрлі бағыттарын, соның ішінде астық, жемістер мен көкөністердің әртүрлі түрлерін өндіруді, сондай-ақ мал шаруашылығын қамтиды.
Биыл Қазақстан 21-ші Қытай халықаралық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінің құрметті қонағы атанды. Азық-түлік келісімшарт корпорациясының стендінде бидай өнімдері ұсынылды.
Көрме-жәрмеңкеге ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге мамандандырылған 30-дан астам жетекші қазақстандық кәсіпорын қатысады. Олар қазақстандық АӨК-тің халықаралық серіктестер мен инвесторлар үшін әлеуеті мен мүмкіндіктерін көрсетті. Көрмеге қатысушылардың қатарында әлемнің түкпір-түкпірінен келген компаниялар, соның ішінде COFCO және Beidahuan корпорациясы сияқты қытай агроөнеркәсіптік көшбасшылары бар.
Айта кетейік, көрменің бір бөлімі экологиялық таза өнімдер мен дұрыс тамақтануға арналған. Сондай-ақ, жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарына, АӨК саласындағы зияткерлік шешімдерге арналған тақырыптық залдар орналасқан. Аграрлық ғылым мен техника саласындағы зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелері бөлек ұсынылған.
Көрме-жәрмеңке ауыл шаруашылығы мен ауылдық аумақтарды дамытудағы жетістіктерді көрсетумен қатар, АӨК саласының мамандары арасында сауда мен тәжірибе алмасуға жәрдемдесуге бағытталған.
Гуанчжоудағы Қытай көрме-жәрмеңкесі 2024 жылдың 29 қарашасынан 1 желтоқсанына дейін жалғасады.