Қарғын судан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына қолдау көрсету мақсатында ҚР АШМ еншілес компаниясы «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ гуманитардық көмек көрсетті. Бүгінгі таңда Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарына қант, қарақұмық, ұн, күріш және көкөніс өнімдерін қоса алғанда 150 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жөнелтілді.
Азық-түлік корпорациясының өңірлердегі өкілдіктері мен еншілес ұйымдары гуманитарлық көмекті қалыптастыру мен оны жөнелтуде маңызды рөл атқарды. Айта кету керек, «Астық Транс» АҚ логистикалық компаниясы гуманитарлық жүктерді тасымалдауда ақысыз қызмет көрсетіп, бізді қолдады.
Мал жеміне қажеттілік туындаған жағдайда ауыл шаруашылығы министрлігі Азық-түлік корпорациясымен бірлесіп мал және құс шаруашылықтарын астықпен уақтылы және жедел қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Қажет болған жағдайда ҚР АШМ жедел желісі: 8(7172)573358 немесе 8(747)0943381 телефондары арқылы хабарласуға болады.
Атап өтейік, Ауыл шаруашылығы министрлігі тұрақты түрде ауыл шаруашылығы желісі бойынша судан зардап шеккен өңірлердегі ахуалды мониторингілеу бойынша жұмыс жүргізіп келеді.