Қазақстанда және көрші елдерде дәнді дақылдардың күтілетін жоғары өнімі аясында Азық-түлік корпорациясы экспорттық нарықтарда қазақстандық бидай мен арпа бағасының тұрақтануын және белгілі бір өсуін болжайды.
Бұл болжамдар бірқатар факторларға негізделген. Бұлар:
Ресейде арпаның аз жиналуына байланысты дәстүрлі жеткізушілердің (Иран, Ирак) арпаға деген сұранысының біртіндеп өсуі. Мысалы, Иранға темір жол арқылы тек 2024 жылдың қыркүйегінде 140 мың тонна астық жөнелтілді.
Бүгінгі таңда ирандық компаниялардың ұсынған бағасы әлемдік бағадан едәуір төмен (165 АҚШ доллар), ал әлемдік нарықтардағы әділ баға 195 долларды құрайды. Ресейде арпаның азаюын және басқа жеткізушілердің жоқтығын ескере отырып, болашақта бағаның тепе-теңдік деңгейіне дейін өсуі күтіледі.
Осыған байланысты, тұрақты нарықтық жағдайды сақтау үшін барлық қатысушылардың іс-әрекеттері келісіліп, баға балансына қол жеткізуге бағытталуы қажет.
Орталық Азия елдеріне астық жеткізу көлемінің тұрақты өсуі биылғы жылдың 9 айында өткен жылдың деңгейін сақтай отырып, 2,9 млн тонна жөнелтілді.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта ОА және Каспий өңірінің (Түрікменстан, Әзірбайжан) елдері қазақстандық бидайды сатып алуға дайын екендіктерін білдіруде. Мәселен, Түркіменстан 3 немесе 4 сыныпты 400 мыңға жуық қазақстандық бидайды сатып алуға дайын, ал Әзірбайжан жыл сайын Ресей мен Қазақстаннан 1 млн тоннаға дейін бидай импорттайды. Баға тең болған жағдайда қазақстандық қызыл дәнді бидай W (ұн күші) көрсеткішінің жоғарылауына байланысты әрдайым сұранысқа ие.
Импорттаушылардың қазақстандық астыққа деген қызығушылығын ескере отырып, азық-түлік корпорациясы өз кезегінде фермерлерге келісімшарттар жасасуға және шетелдік жеткізушілермен байланыс орнатуға жан-жақты көмек көрсетуге дайын.
Экспортқа және жаңа нарықтарды іздеуге арналған логистикалық шығындарды азайту тетігі белсенді түрде пысықталуда. Бұл қазақстандық өнім үшін әділ баға белгілеуге мүмкіндік береді.