Алаяқтық схемасы келесідей:
- Алаяқтар Азық-түлік келісімшарт корпорациясы басшыларының атын жамылып, Telegram немесе WhatsApp арқылы жазады және қоңырау шалады.
- ҰҚК-нің ойдан шығарылған кураторына және т.б. көмек көрсету туралы өтініш түседі.
- Әдетте, айтарлықтай ақша сомасын төлеу керек деген уәж айтылады.
Келесі ережелерді сақтауға кеңес береміз:
- Егер Азық-түлік келісімшарт корпорациясы басшылығының атынан мессенджер арқылы қоңырау түскен болса, өзіңіздің тікелей басшыңызға хабарласып, кез-келген ақпаратты нақтылауыңызды сұраймыз.
- Хатта немесе сөйлескен кезде ҰҚК аталған жағдайда бұл туралы Азық-түлік корпорациясының басшылығына хабарлау қажет.
- Егер сізге ақша аудару туралы өтініш түссе, бұл сөзсіз алаяқтық. Сөйлесуді/хат алмасуды тоқтатып, хабарлама түскен аккуантты бұғаттаңыз. Басшылық пен құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
Сақ болыңыз!