«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ жемдік астық (5-классты бидай, классқа жатпайтын бидай, жемдік арпа) сатуды жалғастырып жатқанын хабарлаймыз.
Астықты сату Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының элеваторларынан жүзеге асырылады. Сонымен қатар, мал жемін теміржол арқылы жеткізіп беру жағы да қарастырылады.
Қосымша ақпарат келесі мекенжай мен телефондар бойынша:
- «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ: Астана қаласы, Мәскеу к., 29/3;
- эл. пошта: mail@fcc.kz;
- тел. 8 (7172) 59-12-32;
- бас менеджер: Какимов Е.К. 8 (701) 105-31-05.
Жыл басынан бері Азық-түлік келісім шарт корпорациясы отандық мал және құс шаруашылықтарына жалпы көлемі 111,6 мың тонна жемдік астық сатты.