Соңғы лауазымы: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Туған жері: ҚазССР, Алматы қаласы
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
- Қазақ мемлекеттік заң академиясы
- Қазақ гуманитарлық заң университеті
- Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Еңбек қызметі:
- Еңбек жолын 2006 жылы жеке меншік компанияда заңгер болып бастаған
- 2007-2010 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Заң басқармасының жетекші маманы, сарапшысы
- 2010 жылы ҚР АШМ АӨК Инновациялық саясат және жоғары білім басқармасының бас сарапшысы
- 2010-2012 жылдары – ҚР ауыл шаруашылығы министрінің көмекшісі.
- 2012-2014 жылдары – ҚР АШМ Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары
- 2014-2015 жылдары – ҚР АШМ Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті директорының орынбасары, директоры
- 2015-2016 жылдары – ҚР АШМ Халықаралық ынтымақтастық және экономикалық интеграция департаментінің директоры
- 2016-2017 жылдары – ҚР АШМ Тамақ қауіпсіздігі департаменті директорының орынбасары
- 2017-2018 жылдары – ҚР АШМ Ғылыми-технологиялық және техникалық саясат департаментінің директоры
- 2018-2021 жылдары – ҚР АШМ Егіншілік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры
- 2021 жылдан 2023 жылға дейін ҚР АШМ Егіншілік шаруашылығы департаментінің директоры
- 2023 жылғы қазан айынан бастап ауыл шаруашылығы вице-министрі