Қоғамдық кеңес Азық-түлік келісімшарт корпорациясының 2025 жылғы жұмыс нәтижелерін оң бағалады

Ұлттық астық операторы 2025 жылы қарыз жүктемесін екі есеге азайтты, ауылшаруашылық өнімдерін экспорттық жеткізуді ұлғайтты және фермерлерді мемлекеттік қолдау шараларын кеңейтті. «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ қызметінің нәтижелерін отырыста компанияның Қоғамдық кеңесінің мүшелері қарады.