2023 жылы Азық-түлік келісім шарт корпорациясы фермерлердің қызметіне және кейбір азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға оң әсер еткен бірқатар маңызды іс-шаралар атқарды.
Форвардтық сатып алу және тауарлық несие бағдарламасы
Агро өндірістік кешен секторы жоғары тәуекелді екендігін ескере отырып, 2023 жылы Азық – түлік корпорациясы өз қаржысы есебінен және сырттан тартылған қаражатың есебінен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекеттік қолдау көрсетті.
Осылайша форвардтық сатып алу және тауарлық несие бағдарламалары шеңберінде көктемгі дала жұмыстарын қолдау үшін жалпы сомасы 80 млрд теңгеге жуық ақшалай қаржы бөлінді. Алғаш рет Қызылорда облысының күріш өсірушілерімен 6 мың тонна күріш сатып алуға келісім жасалды. Осы бағдарламалардың арқасында бірқатар фермер айтарлықтай қолдау тапты.
Астық нарығын тұрақтандыру
Астық нарығында оператор болып табылатын азық-түлік келісім шарт корпорациясы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды функцияларды сәтті жүзеге асырып келеді. Ол астық нарығын тұрақтандыру және мемлекеттік резервтік астық қорын басқару.
Мысалы, төмен баға орнаған кезде Корпорация фермерлерге өнімдерін неғұрлым қолайлы бағамен сатуға көмектеседі, ал жоғары баға кезінде нарыққа астықты төмен бағамен шығарып, ұн тартатын кәсіпорындарға, мал және құс шаруашылықтарына қолдау көрсетеді.
2023 жылы әлеуметтік нанның бағасын ұстап тұру үшін Корпорация ұн тартатын кәсіпорындарға 89 мың тонна бидай сатты, олар өз кезегінде 162 млн дана нан пісіруге жеткілікті ұнмен қамтамасыз етілді.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Жиырма жылдан астам уақыт бойы азық-түлік корпорациясы Төтенше жағдайлар және нарықта астық тапшылығы жағдайын алдын алу үшін 500 мың тонна көлемінде мемлекеттік резервтік астық қорын сақтап, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Бұдан басқа, 200 мың тонна көлемінде жем-шөп қорын сақтайды, жем-шөп бағасының өсуі немесе тапшылық кезеңінде сапасы төмен астық мал өсірушілер мен құс өсірушілерге төмен бағамен сатылады.
Экспорттық бағыттарды арттыру
Айта кетейік, 2023 жылы Азық-түлік корпорациясы қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін ҚХР-на және алыс шетелдерге экспорттауға белсенді араласып, 97 мың тонна астық жөнелтті. Бұл үлкен тәжірибе. Және қытайлық компаниялардың ішінен ірі серіктестер іріктелді. Келіссөздер де, сауда саттық та табысты болды. Корпорация ұсақ және орта шаруашылықтарға астық өнімін экспортқа шығаруға көмек көрсетуге әзір.
Қарызы бар шаруаларды қолдау
Білесіздер, күзде ұзаққа созылған жаңбырдың салдарынан астықтың бағасы төмендеп, өнімділік азайды және егін сапасы айтарлықтай төмендеп кетті. 2023 жыл фермерлер үшін қиын жыл болды. Сонымен қатар, ақбөкендер мен шегірткелерден зардап шеккен фермерлер болды. Осының салдыранан шаруалардың кірісі төмендеп, шығынға батты.
Қиын кезеңде диқандарды қолдау үшін ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қиын жағдайдан шығуға және азық-түлік корпорациясы арқылы қарызды қайтару мерзімін ұзартуға мүмкіндік беретін уақтылы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта жеңілдетілген шарттармен қарызды қайтару мерзімін шегеруге өтінімдерді қабылдау жүріп жатыр.
Фермердің сапасыз астығын сатып алу арқылы қолдау
Ауа-райына байланысты қиын жағдайға тап болған фермерлерді қолдау үшін Азық-түлік корпорациясы 350 мың тонна сапасыз бидайды, оның ішінде класқа жатпайтын бидайды тікелей сатып алуға өтінімдер қабылдай бастады.
Осы мақсатқа 2023 жылғы 25 желтоқсанда 31,4 млрд теңге сомасында бюджет қаражаты бөлінді. Қазіргі уақытта 486 фермерден жалпы сомасы 28 млрд теңгеге 713 өтінім түсті, бұл жоспарланған саннан 241 шаруаға артық.
Айта кету керек, астықтың сапалық сипаттамаларына байланысты бағаны белгілеудің арқасында қаражат үнемделді. Бұл қаражат белгіленген 350 мың тоннадан артық астық сатып алуға немесе 2024 жылға форвардтық сатып алуға бағытталады.
2024 жылға арналған негізгі мақсат
2024 жылы Азық-түлік корпорациясы фермерлерді қолдауды жалғастырады. Республикалық бюджеттен форвардтық сатып алуға 40 млрд теңге бөлу жоспарлануда, осы сомадан 5 млрд теңге күнбағыс майы мен 1-сұрыпты күріш сатып алуға бағытталады. Шикізаттан үшжақты форвард тәсілі арқылы дайын өнім алып, оны да азық-түліктің бағасын реттеу үшін нарыққа шығарып отырады.
Бұл шаралар аграрлық секторды нығайтуға және ауыл шаруашылығындағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған. Азық-түлік корпорациясы астық нарығында мемлекеттік міндеттерді сәтті жүзеге асырып келеді.