Шаруа қожалықтары Азық-түлік келісімшарт корпорациясының элеваторларына 52 мың тонна астық немесе тікелей сатып алу бағдарламасы бойынша жоспарланған жеткізу көлемінің үштен бірін жөнелтті. 2024 жылғы 25 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік оператор меншікті қаражатынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің есепшотына 3,4 млрд теңге аударып үлгерді.
Бағдарламаның шарты бойынша Азық-түлік келісімшарт корпорациясы шаруа қожалықтарынан үшінші, төртінші және бесінші сынып бидайын, сондай-ақ екінші сынып арпасын қабылдайды. Түскен астықтың жалпы көлемінің ішінде ең көп үлесті глютені 23% және 25%-ды құрайтын үшінші сынып бидайы алады.
Қазақстанның өңірлері тұрғысынан Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстары дәстүрлі түрде астық жеткізушілер арасында көш бастап тұр. Бұл облыстардың фермерлері астық операторларының элеваторларына тиісінше 20,9 мың тонна, 18,4 мың тонна және 12,5 мың тонна жөнелтті.
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асылхан Джувашев атап өткендей, өтінімдерді қабылдау кезінде шағын аграрлық кәсіпорындарға басым назар аударылады.
«Артық өнімді сатып алу шағын және орта шаруа қожалықтарына ауыл шаруашылығы өндірісінің табыстылығын қолдауға көмектеседі. Бұл ретте Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мемлекеттік оператор ретінде астықтың әділ құнын белгілей отырып, нарықтағы бағаны теңестіруге ықпал етеді», – деп түсіндірді Асылхан Джувашев.
Астық өткізуге барлығы 440 ауыл шаруашылығы кәсіпорны өтінім берді, оның 347-і шағын шаруа қожалықтары мен фермерлік қожалықтар, 93-і орта компаниялар (ЖШС) болды. Бүгінде аграрлық құрылымдар Азық-түлік келісімшарт корпорациясына 6,9 млрд теңгеге тағы 98,2 мың тонна бидай жеткізуге дайын. Жеткізілген астық үшін төлемді оператор ақша қаражаты бөлінгеннен кейін бірден жалғастырады.
Астықты тікелей сатып алу бағдарламасына қатысу үшін фермерлер 2024 жылға арналған «Барлық жерлерден ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау туралы» анықтаманы және мемлекеттік уәкілетті орган растаған дәл осындай есепті ұсынуы қажет. Астық өткізуге өтінімдерді Азық-түлік келісімшарт корпорациясының өңірлік өкілдіктері қабылдайды.
Нарықта астық сатып алуға 13 млрд теңге бағытталатын болады, бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден 200 мың тонна астық өнімдерін сатып алуды қамтамасыз етеді.
Анықтамалар үшін байланыс ақпараты:
Астана қ., Мәскеу көш., 29/3, тел. (8-717-2) 59-12-32 (іш. 2484; 2025;), 59-12-39 (іш. 2375), 59-12-61 (іш. 2261), 55-11-60 (іш. 2476);
Ақмола облысы: Көкшетау қ., Нұрсұлтан Назарбаев д-лы, 19, тел. (8-716-2) 55-11-51, 55-11-54, 42-25-22;
Шығыс Қазақстан облысы: Өскемен қ., Бейбітшілік көш., 30, 206 кабинет, тел. (8-723-2) 25-95-67, 56-06-57;
Қостанай облысы: Қостанай қ., Тәуелсіздік көш, 147, тел. (8-714-2) 53-11-44, 53-12-44, 54-28-20;
Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қ., Партизан көш., 160, тел. (8-715-2) 55-11-60, 42-22-66.