2022 жылғы 10 маусымда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Сартбаевтың төрағалығымен «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ (бұдан әрі – Корпорация) Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында Корпорация басқармасының «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-тың 2021 жылғы қызметінің нәтижелері туралы» баяндамасы, сондай-ақ Корпорацияның Қоғамдық кеңесінің «Қоғамдық кеңестің 2021 жылғы қызметінің нәтижелері және 2022 жылға арналған жоспарлары туралы» баяндамасы тыңдалды.
Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес Корпорация басқармасына Корпорацияның даму стратегиясы шеңберінде 2022 жылға жоспарланған қызмет көрсеткіштеріне одан әрі қол жеткізу және салалық мәселелер шеңберінде компанияның қызметін жетілдіру бойынша шаралар қабылдауды ұсынды.