2023 жылғы 8 қыркүйекте «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңесінің төрағасы К. Отаровтың төрағалығымен «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда мынадай мәселелер қаралды:
- Қоғамдық кеңестің құрамындағы Азық-түлік келісімшарт корпорациясының жаңа өкілдерін таныстыру;
- «Азық-түлік келісімшарт корпорациясының 2022 жылы атқарылған өнімділік нәтижелері туралы» есеп (соның ішінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясының 2021-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2022 жыл бойынша есеп);
- «Қоғамдық кеңестің 2022 жылы атқарылған жұмысының қорытындысы туралы» есеп;
- «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ 2021 – 2030 жылдарға арналған даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын талқылау;
- «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңесінің хатшысын сайлау.
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Қоғамдық кеңесінің отырысында Қоғамдық кеңестің 7 мүшесі, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдіктерінің директорлары қатысты.