Азық-түлік келісімшарт корпорациясының еншілес компаниясы – «Астық қоймалары» ЖШС шаруашылықтардан шағын көлемдегі астық партияларын қабылдауды жалғастыруда. Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында орналасқан астық қабылдау пункттеріне қазірдің өзінде едәуір көлемде дәнді-дақылдар жеткізілді.
Кәсіпорынның төрт астық сақтау базасының жалпы сыйымдылығы 491,7 мың тоннаны құрайды. 2024 жылғы 15 қарашадағы мәлімет бойынша, «Астық қоймалары» ЖШС-нің бос элеваторлық қуаттары ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің 75 мың тонна астығын бір мезгілде орналастыруға мүмкіндік береді.
Сақтау алаңдары босатылған сайын, астық базалары қосымша астық қабылдауды жүзеге асыратын болады.