2025 жылдың сәуір айының басынан бастап «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасында астық сатады. Нарық қатысушылары астық өнімдерін сатып алуға жоғары қызығушылық танытуда. Бидай мен арпаға ерекше сұраныс байқалады, бұл баға серпінімен расталады.
Соңғы аптада дән желімтегі 23-24% 3-сыныпты қарапайым бидайдың құны тоннасына 85 мың теңгеден 90 мың теңгеге дейін көтерілді. Дән желімтегі 25-26% 3-сыныпты бидайдың бағасы тоннасына 88 мыңнан 95 мыңға дейін өсті.
10-11 сәуірдегі биржалық сауда-саттықта 4-сыныпты бидайдың құны тоннасына 85 мың теңгені құрады. ETS мәмілелері EXW (франко-элеватор) жеткізу шарттарымен жасалады.
Сауда-саттықтың биржалық форматы барлық сатып алушыларға Азық-түлік корпорациясының астық ресурстарына ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ астықтың әділ нарықтық бағасының ашық қалыптасуына ықпал етеді.
Биржадағы сауда сессиялары күн сайын жұмыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін өтеді. Нарықтың барлық мүдделі қатысушылары биржалық сауда-саттыққа қатыса алады.