Қазақстандық фермерлерді қолдау шеңберінде Азық-түлік корпорациясы 350 мың тонна көлемінде сапасы төмен бидайды сатып алуға өтініш қабылдап жатыр. Бүгінгі таңда 420 шағын және орта шаруашылық субъектілері 22 млрд теңге сомасына өтінім берді, осылайша 245 фермерді қамту жөніндегі бастапқы жоспар асыра орындалды.
Азық-түлік корпорациясының бұрыннан келе жатқан серіктестерінің бірі, “Мукур Турсан” ЖШС басшысы Черниязов Тоқтамыс 4-класты бидай тапсырды. Айтуынша өтінімді қабылдау процесі облыстық өкілдіктердің тиімді жұмысының арқасында жедел жүргізілген.
«Біздің шаруашылық азық-түлік корпорациясымен ұзақ уақыт жұмыс істеп келеді, форвардтық сатып алу бағдарламасына қатысады, серіктес ретінде жұмыс істейміз. Біз жылдың басында өтініш береміз, ақша аламыз және әрдайым уақытында қайтаруға тырысамыз», – деді Т. Черниязов.
Және «Әлемде бидай бағасы тұрақсыз екенін білеміз. Шаруалар үшін баға саясаты қалыпты болғанын қалаймыз, ештеңеге алаңдамай жермен айналыссақ деймін. Және бағалардың тез өзгеретіні соншалық, біз қалай әрекет ету керектігін, не істеу керектігін, несиелерімізді қалай жабу керектігін білмейміз», – деп сөзін аяқтады шаруа.
Азық-түлік корпорациясы аграрлық секторды тұрақты түрде қолдауға ықпал ете отырып фермерлермен әріптестік қатынастарды нығайту бойынша жұмысты жалғастыруда.