Бүгінгі таңда «Астық қоймалары» ЖШС-нің астық базалары 214,8 мың тонна көлемінде астық қабылдады, оның ішінде:
– 3-класты бидай-82,7 мың тонна;
– 4- класты бидай-34,6 мың тонна;
– 5- класты бидай-10,9 мың тонна;
– класқа жатпайтын бидай-63,7 мың тонна;
– 2-класты арпа-22,9 мың тонна.
Астықты қабылдаудың ең жоғары көрсеткіштеріне Солтүстік Қазақстан облысының Ғ. Мүсірепов ауданында орналасқан №2 Астық базасы қол жеткізді. Онда қабылданған астық көлемі 101,4 мың тонна. Сондай-ақ Ақмола облысының Жарқайың ауданында орналасқан №5 астық базасы 50 мың тонна астық қабылдады.
Өнімділіктің төмен болуына байланысты №1 астық базасында (Ақкөл ауданы, Ақмола облысы) және № 7 астық базасында (Ақжар ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы) қабылдау көрсеткіштері жоспарланған деңгейге жеткен жоқ.
Қазіргі уақытта астық қабылдау жалғасуда. Астық базалары (элеваторлар) штаттық режимде жұмыс істейді. Қабылдаумен қатар астықты жөнелту жұмыстары қатар жүргізіледі.
Астық базаларының клиенттері астықты вагондардың мынадай түрлері бойынша тиеп жөнелту қызметтерін алуға мүмкіндігі бар:
– жабық вагондар (қапталған);
– хопралар (астық тасымалдаушы);
– контейнерлік платформа.