«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ 3 және 4-сыныпты бидайды сыртқы нарықтарға өткізеді. Бүгінде ұлттық астық операторы жалпы көлемі 200 мың тоннадан астам астық жеткізуге келісімшарт жасады.
Сату географиясын кеңейту стратегиясы аясында Марокко мен Солтүстік Африка елдеріне астық жеткізу туралы алдын ала келісімдерге қол жеткізілді. Ағымдағы маркетинг маусымының соңына дейін осы бағыт бойынша жөнелту көлемі 300 мың тонна азық-түлік бидайынан асуы мүмкін.
Азық-түлік келісімшарт корпорациясының экспорттық саясаты сату бағыттарын әртараптандыруға және алыс шетел нарықтарында позицияларды нығайтуға бағытталған. Еуропалық одақ, MENA аймағы (Таяу Шығыс және Солтүстік Африка), сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азия елдері басымдыққа ие.
Компания келесі бағыттарда астық жеткізудің қосымша көлемін:
- Азов, Қара және Балтық теңіздерінің порттары арқылы;
- Ауғанстан, Иран, Әзірбайжан, Грузия және Арменияға;
- Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне жедел жеткізуге дайын.
Жөнелтілімдер FOB, FCA, DAP және т.б. халықаралық сауда шарттарында жүзеге асырылады.
Азық-түлік келісімшарт корпорациясы сапалы қазақстандық астықты жеткізуге мүдделі халықаралық трейдерлер мен бейінді компанияларды ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа шақырады.
Ынтымақтастық мәселелері бойынша: + 7 701 082 3003 (r.zhanataev@fcc.kz), +7 705 550 8080 (N.Mazhitov@FCC.kz), +7 747 801 8016, Астана қаласы, Мәскеу көшесі 29/3 (mail@fcc.kz).