«Азық – түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңестің мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары Самат Теңбаев Астана қаласының Қоғамдық кеңесі ұйымдастырған «Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбындағы диалог алаңына қатысты.
Кездесуде негізгі 3 мәселе қаралды:
- Жергілікті азық-түлік өндірісін дамыту – азық-түлік қауіпсіздігі мен тәуелсіздікті қамтамасыз ету факторы;
- Халықтың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік қорғау шараларының тиімділігі;
- Азық-түлік қауіпсіздігін бақылаудың ақпараттық аспектілері.
Іс-шара барысында Астанадағы аграрлық индустриялық аймақ тұжырымдамасын әзірлеу және іске асыру кезінде пайдалы болатын ұзақ мерзімді мақсаттар, басымдықтар мен іс-шаралар үшін ұсынымдар әзірленді.
Атап өту керек, Азық-түлік келісім шарт корпорациясы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көлемі 500 мың тоннадан кем емес астық қорын жасақтайды. Және ұн үктірушілер, құс өсірушілер мен мал асыраушыларға арзандатылған бағамен бидай өнімдерін ұсынады.